Балғышева Б.Д. 1978 жылы Қорам орта мектебін алтын медальға бітіріп, сол жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ химия факультетіне түсіп, оны 1983ж. бітірген, 1987 жылдан бейорганикалық химия кафедрасында инженерден доцент қызметіне дейін жұмыс жасап келеді. 1993ж. "Фосфатты және Mg-силикатты минералдарының талғамды еру заңдылықтары" деген кандидаттық диссертацияны қорғады. 1994 жылы, шілде айынан Нью-Йорк ғылыми академиясының (АҚШ) нақты мүшесі болып табылады, 1998 жылы доцент ғылыми атағы берілді. 1999 жылы халықаралық конкурстан өтіп Индияда Мадрас штатында Р.О.Тарамани атындағы институтта халықаралық оқу бағдарламасы бойынша ағылшынша 3 айлық курсты өтіп «Introduction to curricula changes in educational system for development of new clean technologies for wastes of Kazakhstan» деген тақырыпта проектіні қорғап сертификат алды. 2010 жылы Балғышева Б.Д. «Сапасы төмен Қаратау және Шилісай табиғи фосфаттарынан тыңайтқыштық және ионалмастырғыштық қасиеттері бар қосылыстарды механохимиялық синтездеудің физика-химиялық заңдылықтары» атты тақырыпта докторлық диссертацияны қорғады. 2012 жылдан доценттен профессор қызметіне ауысты. 150 ғылыми және әдістемелік еңбектері, сонымен бірге «Способ получения калийно-фосфорного удобрения» атты ҚР авторлық күәлігі (№19169, 2008ж) бар. Бір химия ғылымының кандидатын (Далабаева Н.С., 2006ж.) дайындады. Жыл сайын магистрлік диссертацияның және курстық, бітіру жұмыстардың ғылыми жетекшісі болады. Балғышева Б.Д. факультет пен кафедраның қоғамдық жұмысына белсене қатысады.
4
құжаттар
2